Ұлы Жібек жолындағы Орталық Азия: ежелгі кезеңнен қазіргі кезеңге дейінгі мәдениеттер мен конфессиялардың диалогы

Ұлы Жібек жолындағы Орталық Азия: ежелгі кезеңнен қазіргі кезеңге дейінгі мәдениеттер мен конфессиялардың диалогы

Мәдениетаралық, конфессияаралық диалогты және діндер тарихын зерттеусіз қазіргі әлемдегі геосаяси үдерістерді түсіну мүмкін емес. Ұлы Жібек жолы мыңдаған жылдар бойы әлемдегі жетекші діндер мен мәдениеттер арасындағы толеранттылық қатынастардың үлгісі болды. Бұл үрдісті  жаңғыру – қазіргі заманның маңызды міндеті.

Ғылыми пікірталас барысында қазіргі заманғы Орталық Азиядағы діни конфессиялардың күнделікті іс-тәжірибесіне қажетті саяси және әлеуметтік шешімдер  талқыланды.

Конференция жұмысына жақын және алыс шет елдерден танымал ғалымдар, тарихшылар, археологтар, философтар, мәдениеттанушылар қатысты.

15 маусым күні конференцияға қатысушы халықаралық және отандық жетекші сарапшылар ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұралар ескерткіштерінің тізіміне кірген Тамғалы  қорық-музейінде (Алматы қаласынан 190 шақырым) далалық семинарға қатысады.