
Сербия астанасы Белградта бокстан 21-ші әлем чемпионатының екінші күні өтіп жатыр. Шаршы алаңға шыққан екінші қазақстандық боксшы Нұрқанат Райыс (75 кг дейін) Қаратау елінің өкілі Стефан Савковичпен күш сынасып, сенімді жеңіске жетті.
Үш раундтың қорытындысы бойынша 20 жастағы қазақ боксшысы Стефанға дес берген жоқ.
Айта кетейік, бүгін алғаш болып шаршы алаңға шыққан қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов өзбекстандық Хасанбой Дусматовты таза жеңді.