Таразда «Ұлттық ономастика: Ізденіс пен тәжірибе» атты республикалық семинар өтеді

Таразда «Ұлттық ономастика: Ізденіс пен тәжірибе» атты республикалық семинар өтеді

29 қазанда Тараз қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастыруымен «Ұлттық ономастика: Ізденіс пен тәжірибе»  атты республикалық семинар өтеді.

Іс-шараның мақсаты – ономастика саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және осы саладағы өңірлердің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясы мақұлдаған ономастика жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдардың, идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасының таныстырылымы және түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, өңірлердегі ахуал талқыланады.

Семинар жұмысына Қазақстан Республикасының Сенат және Мәжіліс депутаттары, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт        вице-министрі, Республикалық ономастика комиссиясының мүшелері, өңірлер әкімдерінің орынбасарлары, сарапшылар, сондай-ақ  орталық және жергілікті атқарушы органдардың мүдделі өкілдері қатысады.

Өтетін орны: Тараз қаласы, Достық үйі

Өтетін күні: 2021 жылдың 29 қазаны

Басталуы: сағ. 10:00

Аккредитациядан өту үшін: 8 (7172) 74-01-61, 8 (7172) 74-09-24, 8 (7172) 74-04-05, 8 775 564 6010 (Дана), 8 701 125 2622 (Салтанат) телефондары немесе mcsgovrk@gmail.com мекен-жайы арқылы хабарласуға болады.