Әдебиет курстары басталады

Әдебиет курстары басталады

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті қолдауымен «Қазақстан жастарының конвенті» ұйымы Қазақстанның жас жазушылары, ақындары мен драматург, сыншыларын қолдау мақсатында Әдебиет курстарын бастайды.

Жоба мақсаты – қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани және мәдени мұрасын, сөз өнерiнiң асыл қазынасын жастарға жеткізу, Қазақстанның жас жазушылары, ақындары мен драматург, сыншылары үшін оқыту курстарын өткізу, жас әдебиетшілерге сапалы білім алу үшін жағдай жасау, жас дарындардың ақындық шеберлігін шыңдау, Қазақстанның жас жазушылары, ақындары мен драматург, сыншыларына шығармашылық дамуы үшін жағдай жасай отырып жастардың интеллектуалдық өресін көтеріп, эстетикалық талғамын ұштау, оған қоса қазіргі заманғы жазушылары, ақындары мен драматург, сыншыларындың шығармашылығын насихаттау.

Қазақстанның 35 жасқа дейінгі жас жазушылары, ақындары мен драматург, сыншыларына арналған бір айлық тегін курстың оқыту форматы- онлайн. 

Рига Талғатқызы Онаева  – ҚР МСМ, Мәдениет комитетінің Репертуарлық саясат және өңірлік қызметті үйлестіру басқармасының басшысы: 

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес шығармашылық одақтар мен бірлестіктерді мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүйелі түрде қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанның жас жазушылары, ақындары мен драматург, сыншыларын қолдау, ынталандыру, олардың біліктілігін арттыру мақсатында Әдебиет курстарын өткізіп келеді.

Жоба мақсаты – қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани және мәдени мұрасын, сөз өнерiнiң асыл қазынасын жастарға жеткізу, жас дарындардың біліктілігін шынықтыру, Қазақстанның жас жазушылары, ақындары мен драматург, сыншыларына шығармашылық дамуы үшін жағдай жасай отырып жастардың интеллектуалдық өресін көтеріп, эстетикалық талғамын ұштау, шығармашылығын насихаттау.

Еліміздің 35 жасқа дейінгі жас жазушылары, ақындары мен драматург, сыншылары арналған онлайн-форматта бір айлық тегін курсқа қатысады.

Жоба соңында методикалық құрал шығарылады.

Биыл тұңғыш рет қолға алынған «Әдебиет курстары» жобасы бұдан әрі жыл сайын өткізіліп отырады».

Айта кетейік, қазанның 7 мен 30 аралығында өтетін онлайн курста:

-ақын, аудармашы, мемлекеттік сыйлықтың иегері –Несіпбек Айт;

-жазушы, филология ғылымдарының докторы, абайтанушы, әуезовтанушы, алаштанушы - Тұрсын Жұртбай;

-жазушы, драматург, мемлекеттік сыйлықтың иегері -  Роза Мұқанова;

-айтыскер, ақын, филология ғылымының кандидаты - Серікзат Дүйсенғазы;

-Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері. Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы - Дәулеткерей Кәпұлы;

-ақын, филология ғылымының докторы, профессор - Жанат Әскербекқызы;

-сыншы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты - Амангелді Кеңшілікұлы;

-жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты - Қуаныш Жиенбай;

-ағылшын тілінің аудармашысы, оқытушысы, журналист, абайтанушы - Ернат Мелсұлы;

-ақын, журналист, жазушы-сатирик -  Базарбек Түкібаев;

-ақын, әдебиетші-журналист, драматург - Ұларбек Нұрғалымұлы;

-жазушы, Шабыт халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты -  Алмас Мырзахмет;

-ақын, “Дарын” сыйлығының иегері – Арман Шеризат;

-ақын, “Дарын” сыйлығының иегері – Біржан Ермекұлы және де басқа жазушылар мен ақындар, зиялы қауым өкілдері  дәріс оқиды.