Қазақстан құрамасы кикбоксингтен Әлем чемпионатында 6 алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы кикбоксингтен Әлем чемпионатында 6 алтын медаль жеңіп алды

15-24 қазан аралығында Италияның Лидо-ди-Йезоло қаласында кикбоксингтен ересектер арасындағы Әлем чемпионаты өтті.

Апенин түбігіндегі бәсекеде 65 мемлекеттен келген 1600-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Қазақстан құрамасы бұл сында алты алтын, бір күміс пен 10 қола медаль жеңіп алды.

Чемпион атанғандар – Дінмұхаммед Баймұратов, Ерлан Шағбан, Мақсат Үсіп, Фазледдин Сафаров, Нұрсұлтан Жұмабаев, Нұрдәулет Қалшора.

Күміс жүлдегер – Азамат Өтемісов.  

Қола жүлдегерлер – Серікбол Ермеков, Батырхан Қуандықов, Ариза Сманова, Дулат Дүйсенов, Жандос Назарбеков, Шыңғысхан Тлемісов, Берік Халықов, Бибарыс Сауханбек, Әділ Мырзағали, Дидар Төлебаев.