
21-22 қазанда Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында өткен «Ортаазиялық романсиада 2021» орыс романстарын орындаушылардың V халықаралық конкурсында, «Русский Романс» номинациясы бойынша Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің студенті Бибарыс Алиш үшінші орынды иеленді.
Байқау қорытындысына сай бірінші орынды - Элгиз Бейшенбаев (Қырғызстан), Хислат Комилов (Өзбекстан), Сабина Ибраимова (Қырғызстан) иеленсе, ал екінші орынды - Кубанычбек Атамбаев (Қырғызстан), Леонид Рукавишников (Қырғызстан), Зиядбек Абдимавлонов (Өзбекстан) еншіледі. Үшінші орынды - Бибарыс Алиш (Қазақстан), Сухроб Джумаев (Өзбекстан), Бобур Тошпулатов (Өзбекстан) алды.
Байқауда үздік танылғандарды РФ еңбек сіңірген артисі Галина Преображенская бастаған халықаралық қазылар алқасы анықтап, Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, Спорт және жастар саясаты министрі, сондай-ақ Ресейдің Қырғыз Республикасындағы Елшісі жеңімпаздарды марапаттады.
Байқау «Романсиада-2021» орыс романсының жас орындаушыларының Мәскеу халықаралық байқауының XXV бағдарламасына енгізілген. Жеңімпаздар желтоқсан айында Мәскеуде өтетін финалдық байқауға қатысады.
Айта кетейік, Осыдан екі жыл бұрын «Ортаазиялық романсиада 2019» конкурсында бас жүлдені қазақстандық әнші, Павлодар қаласының тұрғыны Әмина Рахымжанова жеңіп алған болатын.