
Бүгін Қытай астанасы Бейжіңде өтіп жатқан шорт-тректен Әлем Кубогінің бірінші кезеңінде құрама қоржынына алғашқы медаль түсті.
Ерлер арасында 1500 метрге жүгіруде Әділ Ғалиахметов күміс жүлдеге ие болды. Қазақстандық спортшы бұл қашықтықты 2 минут 18,680 секундта еңсерді. Ресейлік Семен Елистратов 2 минут 18,285 секундты көрсетіп, жеңіске жетсе, қола қытайлық Ан Кайға (2 минут 18,864 секунд) бұйырды.
Айта кетейік, бұл Әділ Ғалиахметовтің Әлем Кубогі кезеңдегі алғашқы медалі.