«Допинг және онымен күрес жайлы» атты БАҚ өкілдеріне арналған семинар өтеді

«Допинг және онымен күрес жайлы» атты БАҚ өкілдеріне арналған семинар өтеді

8-9 қараша аралығында (сағат 10:00-17:00-де) Алматы қаласында «Допинг және онымен күрес жайлы» атты БАҚ өкілдеріне арналған білім беру семинары өтеді. Семинар барысында келесі тақырыптар талқыланады:

- Допингтің анықтамасы, оның спорттағы орны;

- 2021 жылғы Кодекс бойынша допингке қарсы ережелерді бұзу;

- 2021 жылы тыйым салын заттар тізімі;

- Допингке қарсы білім беру бағдарламалардың маңыздылығы;

- Спорт қоғамдастығында допингке қарсы білім беру іс-шараларын жүзеге асыру;

- Статистика;

- Допингті қолданудың алдын алуда көмекші персоналдың рөлі мен алатын орны;

- Допингке қарсы ережелерді бұзғандығы үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған «Дене шынықтыру және спорт» Қазақстан Республикасы Заңындағы өзгерістер, допингке қарсы бағытты насихаттаудағы БАҚ-тың ерекше рөлі;

Семинарға қатысушылар талқылауларға белсенді қатысып, допингке қарсы ұлттық орталық мамандарынан өз сұрақтарына жауап ала алады. Семинар соңында қатысушыларға сертификат беріледі. Сонымен қатар қатысушылар допингке қарсы ұлттық орталықтың кеңсесіне барып мамандардың жұмысымен танысуға мүмкіндігіне ие болады.

Спикерлер: Майра Бақашева – допингке қарсы ұлттық орталықтың директоры, Орта Азия бойынша допингке қарсы аймақтық ұйымдардың (RADOCA) төрағасы; Ғалия Жұмабаева – білім беру бағдарламаларының маманы және еліміздің жетекші спортшылары мен жаттықтырушылары.

Бұқаралық ақпараттар құралдары әлемде болып жатқан оқиғаларды айқындайтын және түсіндіретін негізгі құралдардың бірі. Қоғам БАҚ арқылы қандай да бір жағдай туралы өз пікірін қалыптастырады. Сондықтан допингті қолданудың өзекті мәселелерін айқындауда ерекше орын алады.

Спортшылар өз көрсеткіштерін жақсарту мақсатында тыйым салынған субстанцияларды пайдалану кесірінен допинг даулары осы күнге дейін жаңалықтардың басты тақырыбына айналып отыр. Өкінішке қарай, бұл тенденция жастар арасында да байқалады. Жоғарыда аталған мәселе допингке дұрыс бағытта көзқарасты қалыптастыруға көмектесетін білім беру бағдарламаларын дамыту қажеттілін туындайды.

Өтінішті мына сілтеме арқылы бере аласыздар: https://forms.gle/gUeRnPbYWWQbcsHfA

Допингке қарсы ұлттық орталықтың байланыс номерлері: +7 708 914 61 54 Ғалия (WhatsApp, Telegram), e-mail: gzhymabayeva@gmail.com