
Бүгін, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына дайындық және мерейтойды өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сөз сөйледі.
«Жыр алыбы – Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы халқымыз үшін үлкен мәдени мереке, айтулы рухани белес екені белгілі. Дала Гомері атанған ұлы ақынның мерейтойын өткізу биыл жалпыреспубликалық жоспарға сәйкес жан-жақты жүзеге асырылуда», -деп атап өтті Ақтоты Райымқұлова.
Жыл басталысымен Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын дайындау жəне өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысының қорытындылары бойынша Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспар бекітіліп, жоспарға сәйкес Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған республикалық және өңірлік деңгейдегі мәдени іс-шаралар өткізілуде.
Біздің анықтама: Жоспар 97 тармақтан тұрады және ұйымдастыру-дайындық (4), ғылыми-зерттеу және ағартушылық (19), мәдени-бұқаралық (55), халықаралық (6), ақпараттық-имидждік (11), реставрациялық (2) іс-шараларды қамтиды.
Жоспар 55 республикалық және 42 өңірлік іс-шарадан тұрады.
Мерейтойды мерекелеу рәсімі ү.ж. 26 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында Қ.Қуанышбаев театрының жаңа ғимаратында өтті.
Мәдениет және спорт министрлігімен Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған мерейтойдың бірыңғай символикасы бар брендбук, «Қазпочта» акционерлік қоғамымен мерейтойлық пошта маркасының эскиздері әзірленіп, Сізбен келісілді.
Сауда және интеграция министрлігі «Жамбылға 175 жыл» құттықтау инфографикасын әзірледі.
Жамбыл өлеңі бойынша музыкалық шығармаларды теміржол рейстерінде трансляциялау Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан «JAMBYL. 175 JYL» коллекциялық монеталарын шығарды. Монеталар Ұлттық Банктің өз қаражаты есебінен дайындалды.
«31 арна» телеарнасы 2021 жылға арналған мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында Жамбыл Жабаевтың өмірі мен қызметі туралы телесериалды түсіруде.
Қазақстан жұртшылығына 1952 жылы шыққан «Жамбыл» және 1996 жылы шыққан «Жамбылдың жастық шағы» фильмдері ұсынылды, олардың көрсетіліміне Қазақфильмнің YouTube ресми арнасында мемлекеттік және ресми тілдерде ашық режимде қол жеткізілді.
Сыртқы істер министрлігі Бельгия, Иран, Италия, Оңтүстік Кореяд, Қытай, Сингапур, Чехия, Мысырда, Ресей, Ұлыбритания мен басқа елдердің бұқаралық ақпарат құралдарындарында Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мақалаларды жариялауды қамтамасыз етті.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің ресми веб-сайттарында мерейтойлық логотипі бар арнайы тақырыптық бөлімдер орналастырды.
Ақынның таңдамалы шығармалары қырғыз тіліне аударылып, кітаптың тұсаукесері өткізілді. Жақында Түрксой халықаралық ұйымының ұйымдастыруымен Түркияда Жамбыл өлеңдері түрік тілдеріне аударылып, таныстырылымы өтті.
Ақын шығармашылығын ғылыми зерттеу бағытында «Жыр алыбы» және «Ақын Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы тарих айнасында» атты ғылыми-практикалық дөңгелек үстел ұйымдастырылып, «Жамбылға жаңаша көзқарас» атты мақалалар жинағы шығарылды.
Осындай игілікті істердің қатарында Жалпыреспубликалық іс-шаралар жоспары аясында мемлекеттік тапсырыспен Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы мен оның өмір жолына арналған 10 томдық кітаптың жарыққа шыққанын атап өтуіміз керек. Бүгін көпшілік оқырманға таныстырғалы отырған бұл жинақ 30 мың данамен басылып шығып, республика кітапханаларына таратылды.
Білім және ғылым министрлігі Ж. Жабаевтың толық академиялық шығармалар жинағын баспаға дайындауда.
М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты «Жамбыл шығармашылығы - ұлт руханиятының айнасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясын ұйымдастырды. Жамбыл Жабаевтың шығармашылығына арналған 10-нан астам баяндама ұсынылды.
Жазушылар одағы ТҮРКСОЙ-мен бірлесіп, Ж. Жабаевтың таңдамалы өлеңдер кітабын түрік тіліне аударды (1 том).
Сондай-ақ, Одақ Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп «Жамбыл әлемі» сериясынан 30 томдық кітапты дайындады.
«Ұлағатты Ұрпақ» мәдени-ағартушылық жобасы аясында Мәдениет және спорт министрлігі madeni-m.kz сайтында 2020-2021 оқу жылының 3 және 4 тоқсанына арналған тақырыптық сабақтарды жариялады. Бұл жоба өз жалғасын «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасында жалғасын тауып, іске асырылуда.
Сонымен бірге, Министрлікпен жыл ішінде ақынның шығармашылығын насихаттауға бағытталған бірқатар іс-шаралар орындалды.
Анықтама: 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Жыр алыбы» атты тарихи-әдеби кездесу және «Ұлы дала жыршысы – Жамбыл» көрмесі өтті.
Республикалық зағип және нашар көретін азаматтар кітапханасы 2 кітапқа (Брайль қарпі) бедерлі-нүктелі шрифтпен шығарылған «Туған елім» атты библиографиялық құрал мен жинақ дайындады.
16 ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаев әлем тілдерінде» виртуалды кітап көрмесі ұйымдастырылып, әлеуметтік желілерде ұсынылды.
19 ақпанда «Жамбылдың поэтикалық мұрасы және жамбылтанудың өзекті мәселелері» атты халықаралық конференция өтті.
26 ақпанда Ұлттық академиялық кітапхананың Өнер, әлем әдебиеті, оқу залдарында «Қазақстан кітаптары» музыкалық-поэтикалық кеш өткізілді, сондай-ақ мерзімді басылымдар залында Жамбыл Жабаевтың шығармалары мен ол туралы әдебиеттер ұсынылған кітап көрмелері ұйымдастырылды.
1 наурыз күні Ұлттық академиялық кітапханада «Жаһанның жыр Жамбылы – 175 жас» атты дөңгелек үстел өтті, оған мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі ғалым, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мырзатай Жолдасбеков қатысты.
«Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік музейі «Жамбыл Жабаев мұрасының қазіргі әдебиеттанудағы орны мен маңызы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияның мақалалар жинағын шығарды.
Сондай-ақ, Сүйінбай, Жамбыл, Ш.Уәлиханов және Тезек төре мұражайларына ғылыми экспедиция ұйымдастырылды.
Ағымдағы жылдың 2 маусымында Жалпақтөбе ауылдық мәдениет үйінде Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «Ел бірлігін сақтаған татулықты айт!» атты облыстық ақындар айтысы ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, ҚР Ұлттық кітапханасында «Қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаев әлем тілдерінде» виртуалды кітап көрмесі ұйымдастырылып, музыкалық-поэтикалық кеш өткізілді. «Сәлем, Елорда!» II республикалық өнер шеруі аясында Жамбыл атындағы филармонияның үлкен концерт залында концерт өтті. Концертке филармония әртістері мен ш ығармашылық ұжымдары қатысты.
14 мамырда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы мен «Қазақстан хор дирижерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы қаласында мерейтой аясында «Музыкалық VUCA әлемі: орындаушылық пен кеңістікті көркемдік ұғынудан социумға дейін» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны ұйымдастырды.
21 мамыр күні Н.Тілендиев «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің Жамбылдың 175 жылдығына арналған концерті өтті.
«Ежелгі Тараз Ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері «Тарихта қалған ұлы тұлға - Жамбыл Жабаев» атты челленджін бастады.
Жамбылдың жыр жинағы Бішкекте қырғыз тілінде басылып шықты, сондай-ақ, мерейтойға орай ақындар айтысы ұйымдастырылды.
Бүгінгі таңда «Жамбыл. Жаңа дәуір» фильмі түсірілуде.
Өңірлерде жергілікті әкімдіктермен жалпыреспубликалық жоспарға енген іс-шаралар өткізілуде.
Анықтама:
26 ақпанда Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай Тараз қаласындағы «Баласағұн» ОКЗ-да «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» республикалық ақындар айтысы өтті. Айтыс Жамбыл атамыздың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды. Барлығы 20 ақын қатысқан айтысты, ақын, «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық Одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жүрсін Ерман жүргізді. Көрермендер айтысты әлеуметтік желілерде тікелей эфирде тамашалады. Айтысқа А.Әшімов, М.Жолдасбеков, А.Қоразбаев, Ғ.Жайлыбай, О.Дәуіт, Б.Халиолла және А.Өзбеков қазылық жасады. Жыр додасының бас жүлдесін Қанат Мырзахан қанжығасына байлады.
Маңғыстау облысында Абай атындағы мәдени-сауық кешенінде Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Ғасыр үні» қалалық байқауы өтті. Байқаудың іріктеу кезеңіне 123 қатысушы қатысты. 63 қатысушы жолдама алды. Қатысушылар «Жыр-терме» және «Дәстүрлі аспаптық орындау» номинацияларында өнер көрсетті.
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай Жамбыл облыстық қазақ және орыс драма театрлары бірлесіп «Жыр алыбы-175» тақырыбында 6 бөлімнен тұратын бейнероликтер сериясын жасады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлы даланың Ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында Қ. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясында «Жамбыл – дүлдүл, Кенен – Бұлбұл» мерекелік концерті өтті. Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығында өзге ұлт өкілдері арасында ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудың республикалық оnline байқауы ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, «Тараз-Арена» спорт сарайында ұлттық және халықтық спорт түрлерінің облыстық фестивалі өтті. Іс-шараға 7 спорт түрінен 11 командадан 226 спортшы қатысты.
Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасы «Жамбыл Жабаевқа 175 жыл» хронологиялық фильмін жасап, көрерменге ұсынды.
Атырау облысының Ғ. Сланов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында халық ақыны Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай өлеңдер шеруі өтті.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жас ақындардың шығармашылық әлеуетін дамыту, жастардың бойында өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, Жамбыл шығармашылығын насихаттау мақсатында «Жамбыл – жыр алыбы» қалалық онлайн байқау және «Жамбыл – тұғыры биік заңғар халық жыршысы» тақырыбында рухани-танымдық онлайн-конференция өткізді.
Шымкент қаласының әкімдігімен ағымдағы жылдың екінші тоқсанында «100 жыл жырлаған жүрек!».
2021 жылғы 9 сәуірде Солтүстік қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратының конференц-залында облыстық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті.
21 сәуірде Батыс Қазақстан облысының Жұбан Молдағалиева атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында ақынның шығармашылығын дәріптеу мақсатында «Жыр алыбы – Жамбыл» атты виртуалды көрме өткізді.
6 мамырда Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайының Атбасар қаласындағы филиалы, І.Есенберлин атындағы Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл Жабаев әдеби-мемориалдық мұражайымен бірлесіп ZOOM платформасында «Жыр алыбы - Жамбыл Жабаев» экскурсиясын өткізді.
Иса Байзақов атындағы 28 маусымда Павлодар облыстық филармонияның жеке орындаушылары мен «Шернияз» би ансамблі Екібастұз ауылдық аймағының Қарасор және Құлакөл ауылдарында, 5 шілдеде филармонияның жеке орындаушылары мен «Нұр» би ансамблі Успен ауданының Ольгино және Белоусовка ауылдарында, 24 тамызда Баянауыл ауданы Торайғыр ауылында гастрольдік концерттерін ұйымдастырды.