
Бүгін 21 қазанда сағат 15:00-де республикалық Ónerpaz bolsań... фестивалінің жеңімпаздары марапатталады.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен бүгін, 21 қазанда, сағат 15:00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Ерекше қажеттілігі бар адамдармен жұмыс істейтін мәдениет саласындағы ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдары, сондай-ақ, ерекше қажеттілігі бар шығармашылық адамдар мен мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің Ónerpaz bolsań... фестивалінің жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.
Мәдениет саласындағы ұйымдар мен ерекеше қажеттіліктері бар адамдармен жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдарды қолдау, ерекше қажеттіліктері бар шығармашылық адамдар мен мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің шығармашылық әлеуетін іске асыру және әлеуеттендіру үшін жағдай жасау Фестивальдің басты мақсаты болып табылады.
Байқауда ерекше қажеттілігі бар адамдармен жұмыс істейтін мәдениет саласындағы ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдары, сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар шығармашылық адамдар мен мәдениет ұйымдарының қызметкерлері 17 номинация бойынша бақ сынады.
Қазақстанның 15 өңірінен Қазылар алқасының қарауына 126 өтінім келіп түсті, соның ішінде 84-і мәдениет ұйымдары мен үкіметтік емес ұйымдардан, 42-сі шығармашылық адамдар мен мәдениет ұйымдары қызметкерлерінен.
2021 жылғы 14-15 қазан күндері өткен Фестивальдің Қазылар алқасы отырысының нәтижесі бүгін жарияланатын болады.