
22 мамырда Елбасы «Challenge Сенің жаңа қырың!» деп аталатын ел тұрғындары үлкен ыждаһаттылықпен қабылдаған акцияны жариялады. 26 мамырда Елбасының осы үндеуін қолдау мақсатында «Дәулет» спорткешенінде Министрлік өңірлермен ауқымды «Спорт телекөпірін» өткізді. Акцияға 500-ден астам спортшы, әртістер, қоғай қайраткерлері - Серік Сапиев, Василий Левит, Ольга Шишигина және т.б. қатысты.
Өз сөзінде Министр А.Мұхамедиұлы Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өткен Қысқы Олимпиада ойындарында табысты өнер көрсеткен фристайлшы Ю.Галышеваны атап өтті. 2017 жылдың басында 206 алтын, 242 күміс, 312 қола медаль жеңіп алынды.
Алғаш рет Елбасының тапсырмасымен Министрлік Ұлттық олимпиадалық комитетпен бірлесіп елімізде Астана қаласында Олимпиадалық даярлық орталығының базасында мектеп (интернат) – колледж – ЖОО толық оқыту циклындағы Бірінші Ұлттық олимпиадалық университетті ашу мәселесін қарастыруда. Университетте спорт түрлері бойынша жаттықтырушы-оқытушылар, спорт менеджерлері және аралас салалар бойынша өзге де спорт мамандары оқитын болады.
Министрдің пікірінше жоғарғы жетістіктердегі спортқа деген қызығушылық жалпыұлттық спорттық қозғалысқа ұласты, бүгінгі таңда еліміздің әрбір үшінші тұрғыны жүйелі түрде спортпен шұғылданады. Бұл үшін республика бойынша 11 мыңнан астам спорттық ғимарат жұмыс істейді, жыл сайын спонсорлардың қаражаты есебінен барлық өңірлерде дене шынықтыру-сауықтыру кешендері қалпына келтірілуде, түрлі спорт түрлері бойынша 700 мыңнан астам оқушы шұғылданадатын 35 мың спорт секциясы қызмет етеді. 459 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс жасайды. 2017 жылдан бастап республикадағы жалпы білім беретін мектептердің 98 пайызы дене шынықтыру және спорт бойынша 3-сағаттық сабақ енгізді.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысының жылсайынғы жазғы және қысқы спорт түрлері бойынша тестерін тапсыру барша қазақстандықтар үшін айқын біріктіруші факторға айналып отыр. 2017 жылы тестке 5 миллионнан астам адам қатысып, оның 126 мыңнан астамы Президенттік деңгейдің нормативтерін орындаса, 274 мыңы – ұлттық деңгейдің нормативін орындады, олардың жартысы дерлік ауыл тұрғындары саналады.


