Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған «Дөңгелек үстел» өтті

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған «Дөңгелек үстел» өтті

15 қазанда Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және жастар саясаты мәселелері жөніндегі қызметінің басшысы Ә.Ә. Әнуар және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бөлімінің басшысы А.Қ. Күмісбековтың ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған «Дөңгелек үстел» өткізілді.

«Дөңгелек үстелге» ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі төрағасының орынбасары Айгүл Сақтағанова, республикалық «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Токушев және академияның басшылығы, декандар, жауапты қызметкерлері қатысты.

Отырыс барысында А. Сақтағанова Министрлікке бағынысты ұйымдардың ұжымымен жүйелі түрде кездесу өткізіп келе жатқанын айтып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдарының негізгі әдістері туралы ойларын ортаға салды.

Сондай-ақ, қатысушыларға «Таза сессия» акциясының не екенін, қалай жүргізу керек екенін және оның білім беру ордасына қаншалықты маңызды екенін егжей -тегжейлі түсіндіріп, қызмет бойынша тілектері мен ескертпелерін білдірді.

Қайыржан Токушев жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру маңызды міндет екенін, осы бағытта атқарылатын жұмыстарды ашып көрсетті. Басты міндет – осы оқу жылына бекітілген жоспардың әрбір іс – шарасын тиянақты, сапалы, жоғары жауапкершілікпен орындау екенін айтты.

Академия қызметкерлері де талқыланып отырған мәселеге сәйкес өз ойларын ортаға салып, айтылған ұсыныстар мен тәсілдерді жұмыс барысында ескеретіндерін атап өтті.