Нұрғиса Тілендиевті еске алу кеші өтеді

Нұрғиса Тілендиевті еске алу кеші өтеді

15 қазан, сағат 17:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының камералық залына КСРО Халық артисі, Халық қаһарманы Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің есімін беру салтанатты рәсіміне орай мемориалды тақтаның ашылуы және Нұрғиса Тілендиевті еске алу кеші өтеді.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің және Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, Н.Тілендиевтің туыстары қатысады. Мемориалды тақтаның салтанатты ашылуынан кейін камералық залда Н.Тілендиев атындағы мемориалды музейінің экспонаттар көрмесі қойылады.

Сонымен қатар сағат 19:00-де Филармонияның үлкен залында Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрі мен Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласы мерейтойлық концерт ұсынады.

Аталған концертте жеке орындаушылар: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Дина Хамзина, Нұржан Жанпейісов, Гүлзия Стамбек, ҚР мәдениет қайраткері Есенгелді Ырза, халықаралық конкурстардың лауреаттары Әміре, Фархат Кубиев, Тайыр Тәжіғұлов, Данияр Байжұманов, Әсем Аубәкірова, Эльмира Қашқымбаева өнер көрсетеді.

Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Дінзухра Тілендиева.

Б.Байқадамов атындағы мемлекеттік хор капелласының дирижеры әрі көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бейімбет Демеуов. Дирижерлар Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жалғасбек Бегендіков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мүсілім Әмзе.

Естеріңізге сала кетейік, келушілер Ashyq қосымшасы арқылы кіреді. БАҚ өкілдері міндетті түрде тіркелуі керек. Анықтама телефоны: 87028098007