
11-15 қазан күндері Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өңірде елеулі мәдени жобалар мен іс-шаралар өтеді:
✅11-13 қазан сағат 10.00-де "Мәдениет саласындағы арт-менеджмент" атты мәдениет және өнер қызметкерлеріне арналған облыстық практикалық семинар-тренингі (Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратының залы);
✅13-14 қазан сағат 14.00-де ұлт өнерін ұлықтауға арналған "Едіге деген ер екен" атты республикалық жыршылар байқауы (Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратының залы);
✅14 қазан сағат 18.30-да Өнер орталығында танымал ақын, драматург Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» музыкалық спектаклінің премьерасы;
✅ 15 қазан сағат 10.00-де қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымов атындағы Республикалық байқауы (Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратының залы);
✅ 15 қазан сағат 15.00-де қазақ руханиятын, әдебиеті мен қаламгерлерін қолдауға бағытталған "Әдебиет.Рух.Қоғам" атты республикалық әдебиет форумы (Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті);
✅15 қазан сағат 17.00-де қазақ вальсінің королі атанған композитор Ш.Қалдаяқов пен көрнекті ақын Т.Айбергеновтің ескерткіш-мүсіндерінің ашылуы (Ғашықтар аллеясы);
✅ 15 қазан сағат 18.00-де Өнер орталығында ұлттық музыкалық мұрамызды жаңғыртып, ұмыт бола бастаған төл аспаптардың сүйемелдеуімен көне күй-жырларды насихаттап жүрген бірегей топ "TURAN" этно-фольклорлық ансамблінің концерті (кіру тегін) және өнерпаздарының шеберлік сағаттары.