Ónerpaz bolsań... фестивалі қазылар алқасының отырысы өтеді

Ónerpaz bolsań... фестивалі қазылар алқасының отырысы өтеді

Биыл Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі бірінші рет мәдениет саласындағы ұйымдар мен ерекше қажеттілігі бар адамдармен жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар және дене күтімін қажет ететін мәдениет ұйымдарының қызметкерлері арасында Ónerpaz bolsań... атты республикалық фестиваль өткізіп жатыр.

14-15 қазан аралығында Ónerpaz bolsań... фестивалі қазылар алқасының отырысы өтеді (қазылар алқасының мүшелері үшін – офлайн форматында, байқау қатысушылары үшін - онлайн режимде).

Фестивальдің мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар адамдармен жұмыс істейтін мәдениет саласындағы ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдарды қолдау және ерекше қажеттіліктері бар шығармашылық адамдар мен мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің шығармашылық әлеуетін іске асыру және әлеуметтендіру үшін жағдай жасау.

Республикалық Ónerpaz bolsań... фестивалінің аясында үздік ерекше қажеттіліктері бар адамдармен жұмыс істейтін мәдениет саласындағы ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдар және ерекше қажеттіліктері бар шығармашылық адамдар мен мәдениет ұйымдарының қызметкерлері анықталатын болады.

Бүгінде Фестивальге қатысу үшін жалпы– 126 өтінім келіп түсті. Соның ішінде 42 – мәдениет саласындағы ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдардан және 84 – ерекше қажеттіліктері бар шығармашылық адамдар мен мәдениет ұйымы қызметкерінің өтінімі.

Марапаттау рәсімі биыл 22 қазан, сағат 15:00-де Бейбітшілік және келісім сарайында (Нұр-Сұлтан қаласы) өткізіледі.