
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай министрліктің құрылымдық бөлімшелері арасында «Мемлекеттік тіл– мемлекеттік қызметте» байқауын ұйымдастырды.
Байқаудың ережесіне сәйкес қатысушылар Қазақстанда мемлекеттік тілдің рөлі мен дамуы туралы өз эсселерін,сондай-ақ әлеуметтік желілерде жеке парақшалары арқылы жарияланымдар, пост, репост жасаған материалалдарын ұсыну керек болатын.
Байқауға қатысуға мекеменің 25 қызметкері өтініш беріп, байқаудың комиссиясы жеңімпаздарды анықтады.
«Ең үздік эссе» номинациясы бойынша Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бас сарапшысы Ғ. Абдуллаев иеленді. «Ең үздік жарияланым» номинациясы Туризм индустриясы комитетінің қызметкері А. Джезмурзинаға берілді.
Сондай-ақ байқауға белсенді қатысқан басқа да құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері Министрдің грамотасымен және басқа да сыйлықтармен марапатталды.
Ұйымдастырушылардың айтуыша, байқау алғаш рет рет өткізіліп отыр, алдағы уақытта Министрлік тарапынан байқауды жыл сайын Қазақстан халқы тілдері мерекесі күніне орай өткізуді жоспарлауда.

