Ұлттық кітапханада Әдебиет академиясы залының ашылу салтанаты өтті

Ұлттық кітапханада Әдебиет академиясы залының ашылу салтанаты өтті

Бүгін Алматыда Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Ұлттық кітапханада Әдебиет академиясы залы ашылды.

Әдебиет академиясы залын ашудағы мақсат – жас ақындардың, прозашылардың өзін-өзі тануына, поэтикалық және прозалық жанрларды насихаттау үшін жағдай жасау. Әдеби қабілеттерін, көркем проза мен өлең жазудың бастапқы дағдыларын дамыту, әдебиет саласындағы ой-өрістерін кеңейту.

Іс-шара барысында Алматы қаласының жас ақындары мен шығармашыл жастары өлең, қазақ әдебиеті классиктерінің афоризмдерін оқыды. Арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды.