«The Spirit of the Dance» заманауи этникалық музыка және би фестивалі өтеді

«The Spirit of the Dance» заманауи этникалық музыка және би фестивалі өтеді

2018 жылғы 14 қыркүйекте сағат 19.00-де «Қазақстан» орталық концерт залында Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі  «The Spirit of Tengri» жобасымен бірлесіп, әлемде теңдесі жоқ «The Spirit of the Dance» атты тамаша би шоуын өткізуді жоспарлап отыр.

«The Spirit of the Dance» - әлемде теңдессіз  мультимедиялық шоу, музыкалық және би сахнасындағы әлемдік деңгейдегі жұлдыздар қатысуымен өтетін ғажайып перфоманс.

Іс-шараның форматы – қазіргі заманғы электрондық музыканың этникалық нақыштар элементтерімен және би мэшапының (mash-up композициялардың бірігуі) айрықша синтезін ұсынатын біртұтас шоу.

Фестивальдің өзекті идеяларының бірі – Қазақстанның ірі алаңдарының бірінде айрықша мәдени синтез құра отырып, әр түрлі музыкалық және би бағыттарының өкілдерін біріктіру.

«The Spirit of the Dance» фестивалінің қатысушылары әлемнің 7 елден келген музыканттар, бишілер және диджейлер: DJ Shakey, мульти-перкуссионист Indrajit Pradhan, Sapphire Creations Dance Company (Үндістан), GZEBA, Georgian Dance, DJ G@G (Gagi Bregvadze), музыкант Giga Nibladze (Грузия), ZeMe жобасы (музыкант Лайма Янсоне, DJ Monsta және бишілер Ksenia Simonova және Janis Putnis) (Латвия), музыкант Merlin Ettore, DJ Ivan Shopov, Monad Dance (Канада), «Slide Step» би ұжымы, DJ Gary Sherwin, музыкант Éadaoin Ní Mhaicín (Ирландия),DJ Mardon, Abbos тобы, «Tumor» raqs ansambli (Өзбекстан), әнші Mergen, DJ Nariman Issenov, ұлттық би ұжымы «Nomad Way» (Қазақстан).