Мәжілісте «Кинематография туралы» заң жобасы таныстырылды

Мәжілісте «Кинематография туралы» заң жобасы таныстырылды

Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова атап өткендей, бірнеше  бірнеше жыл ішінде прокаттағы ұлттық киноның үлесі екі есе өсті – 2014 жылғы 6% - дан 12,5% - ға дейін. Соңғы үш жылда министрліктің тапсырысы бойынша 20 көркем, 67 деректі, 4 анимациялық картиналар шығарылды. Олардың барлығы еліміздің тарихы, мәдениеті, дәстүрі, қазіргі жетістіктері, тарихи тұлғалары, «біздің заманымыздың батырлары» туралы.

Қазақстан киносы тарихында алғаш рет халықаралық прокатқа шықты. Жасыратыны жоқ, бұрын біз тек халықаралық фестивальдер мен байқаулардағы бір жолғы көрсеткіштермен шектелетінбіз, бүгінгі күні бірлескен өнімнің арқасында 2017 жылы ресейлік прокаттың көшбасшысы болған қазақстандық-ресейлік «28 панфиловшылар» кинокартинасы әлемдік деңгейде мойындалды, голливудтық компаниялармен бірлесіп түсірілген «Әміре» картинасы үлкен жетістікпен өтіп, 4 апта бойы прокатта жетекші орынға ие болды. Екі ел Мемлекет басшыларының бастамасымен түсірілген алғашқы қазақстан-қытай бірлескен «Композитор» фильмі шығады. Бұл картинамен Қазақстан алғаш рет әлемнің барлық жетекші кинокомпаниялары армандайтын Қытай кинопрокатының кең нарығына шығады. Сондай-ақ, жақында Алматы облысында қазақстан-жапон бірлескен өнімі серіктесі «TokyoNewCinema» компаниясы болып табылатын, «Конокрады» толық метражды көркем фильмінің түсірілімі басталып кетті.

«Мемлекет басшысының қолдауымен, алтыншы шақырылымдағы Парламенттің үшінші сессиясының ашылуында берілген тапсырмаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында алғаш рет «Кинематография туралы» заң жобасы әзірленді. Бұл кинематографияның дербес тынысын ашатын   мәдениет саласындағы алғашқы заң. Өте күрделі де ауқымды заң. Ол ұлттық киноның ары қарай дамуы жолында түбегейлі өзгерістер алып келеді және үш негізгі міндеттерді шешуге бағыт алады. Біріншіден - ұлттық фильмдер өндірісіне қолдау; екіншіден - ұлттық киноның кең таралуын қамтамасыз ету; үшіншіден - қазақстандық киноның халықаралық нарыққа шығуы, оның ішінде бірлескен кинофильмдер және әлемнің жетекші кинокомпанияларымен бірлескен өнімдер жасау» - деп атап өтті вице-министр.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанында коммерциялық емес акционерлік қоғам нысанында Ұлттық киноны қолдау қорын құру Заң жобасының ең маңызды құрамы болып табылады. Аталған ұйымның қызметі ең алдымен  кино өндірісіне,  ұлттық киноны прокаттау мен оны алға ілгерілетуге бюджеттен және бюджеттен тыс бөлінген қаражатты   жинақтау және бөлуге бағытталатын болады.  Бұл халықаралық тәжірибе, осындай ұйымдар әлемдегі барлық алдыңғы қатарлы киноөндіруші мемлекеттерде жұмыс істейді. Қордың басты міндеті  ашық конкурстың нәтижесі бойынша кино жобаларды қарау және іріктеу болады.  Питчингке барлық тәуелсіз киностудиялар мен продюсерлік орталықтар қатыса алады.

Сонымен бірге, ұлттық киноны мемлекеттік қаржыландырудың жаңа моделін енгізу жоспарланып отыр. Қазіргі кезде біршама картиналар, прокатты қосқанда, толық көлемде қаржыландырылады. Тиісінше, бұл шығарылатын картиналардың санын, сондай-ақ олардың нарықтағы коммерциялық жылжуын айтарлықтай шектейді, өйткені өндіруші, продюсер, шығармашылық топ өндіріс барысында өздерінің барлық қаламақыларын алып қояды.

«Бүгінде шетелде кеңес картиналарының танымалдығы, хроникасы өсіп келеді. Сондықтан да бізге кино қорлардың сақталуын қамтамасыз етіп қана қоймай, табыс табу үшін жұмыс істеуіміз қажет» деп қорытындылады өз сөзін Ақтоты Райымқұлова.