
Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы «Балалар әдебиеті жылы» аясында өткізген «Ер Төстік» әдеби байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Проза, ертегі, балаларға арналған өлеңдер және үздік иллюстрация номинациялары бойынша үздіктер марапатталды.
Әдеби байқаудың мақсаты – қазақ балалар әдебиетін қолдау және дамыту, балалар мен жасөспірімдердің талантты қаламгерлерін анықтау, ынталандыру. Байқау 2 тамызда бен 2 қазан аралығында өтті. Барлығы 90 автордың жұмысы тіркелді.