Мәдениет және спорт министрлігі жас әдебиетшілерге арналған курстарды бастады

Мәдениет және спорт министрлігі жас әдебиетшілерге арналған курстарды бастады

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Мәдениет және спорт министрлігің ұйымдастыруымен жас жазушылар, ақындар, драматургтар мен сыншыларды қолдау, ынталандыру, олардың біліктілігін арттыруға арналған арнайы курстар басталды.

Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы тапсырмасына сәйкес, шығармашылық одақтар мен бірлестіктерді жүйелі түрде қолдау мақсатында ел Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып жатыр.

Курстың мақсаты – қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан- ұрпаққа жеткен рухани және мәдени мұрасын, сөз өнерiнiң асыл қазынасын жастарға жеткізу, жас жазушылар, ақындар, драматургтар, сыншылары үшін оқыту курстарын өткізу, жас әдебиетшілерге сапалы білім алу үшін жағдай жасау, жас дарындардың ақындық шеберлігін шынықтыру, олардың дамуы үшін жағдай жасап, жастардың интеллектуалдық өрісін кеңейту, эстетикалық талғамын ұштау. Сонымен қатар қазіргі заманғы жазушылар, ақындар мен драмматург, сыншылардың шығармашылығын насихаттау.

Аталған жобаға еліміздің 35 жасқа дейінгі жазушылары, ақындары және драматург, сыншылары қатыса алады. Курс 21 күн бойы онлайн форматта өтеді. Жобаны іске асыруға біршама қоғам қайраткерлері қатысып жатыр. Бұл қатарда ақын,  аудармашы, Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері Несіпбек Айт пен Роза Мұқанова, айтыскер, ақын, филология ғылымының кандидаты Серікзат Дүйсенғазы, ақын, профессор Жанат Аймұхамбет және басқа жазушылар мен ақындар, зиялы қауым өкілдері бар.