
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі театр және кино актері, кинорежиссер, әнші, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері, Қазақстаның халық әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, Мелекеттік сыйлықтың екі мәрте иегері Досхан Жолжақсыновты «Отан» орденімен наградтау туралы Қаулыға қол қойды.
«Ұлттық мәдениетті, кинематографияны және театр өнерін дамытуға қосқан айрықша еңбегі үшін Досхан Қалиұлы Жолжақсынов «Отан» орденімен наградталсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі»,-деп жазылған Мемлекет басшысының Қаулысында.