Мастера вольной борьбы остались без медалей на чемпионате мира

Мастера вольной борьбы остались без медалей на чемпионате мира

Норвегия астанасы Ослода күрес түрлерінен Әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Еркін күрестен 70 килода 1/8-де Сырбаз Талғат Ресей Олимпиада комитетінің өкілі Евгений Жербаевпен күш сынасып, қарсыласына жол берді. Есеп 10:1.

Ал 97 килода бозкілемге шыққан Әлішер Ерғали 1/8-де үндістандық оңтүстік кореялық Минвон Сеоны мерзімінен бұрын (12:2) ұтқанымен, ширек финалда Иран мықтысы Моджтаба Мохаммадшафи Голейге (6:1) есе жіберді. Осымен қазақстандық еркін күрес шеберлері өз өнерін аяқтады.

Сондай-ақ бүгін әйелдер күресінен бәсекелер басталды. 55 килода Айша Уәлишан ширек финалда 19 жастағы үндістандық Пинки Пинкиден жеңілді. Есеп 4:1. 62 килода Аяулым Қасымова 1/8 кезеңде украиналық Илона Прокопевнюктен мерзімінен бұрын (12:1) ұтылды.