Ослода күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталды

Ослода күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталды

Бүгін Норвегия астанасы Осло қаласында күрес түрлерінен XVII әлем чемпионаты басталды. Енді 10 қазанға дейін атлеттер «Най Джордал Амфи» хоккей стадионындағы бозкілемде кім мықтыны анықтайды.

Жарыстың алғашқы күні еркін күрес шеберлері сынға түсті. Қазақстандық балуандардың нәтижесі мынандай:

61 килода белдесетін 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем және азия чемпионатының күміс жүлдегері Адлан Асқаров пен 74 келіде ел намысын қорғаған әлем чемпионатының күміс жүлдегері, екі дүркін Азия чемпионы Нұрқожа Қайпанов 1/8-де алғашқы кездесуде қарсыласқа жол берді. Адлан армениялық Арсен Арутюняннан, Нұрқожа Иран мықтысы Йонес Эмамидан ұтылды.

Ал 86 килода 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Азамат Дәулетбеков алғашқы белдесуде жеңіске жеткенімен, 1/8-де Рио Олимпиадасының чемпионы, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері ирандық Хасан Ядзаниден айласын асыра алмады. Мерзімінен бұрын аяқталған белдесудің есебі 12:2. Азаматтың қарсыласы финалға шыққандықтан отандасымыз жұбаныш белдесіне қатысуға мүмкіндік алды. Алғашқысында пуэрто-рика өкілі Итан Рамосты айқын басымдықпен жеңді. Қол жүлде үшін Ресей Олимпиада комитетінің өкілі Артур Найфоновпен күш сынасады.

125 килода сына түсіп жатқан Азия чемпионы Олег Болтин әуелі молдовалық Егор Оларды (6:5), сосын ширек финалда украиналық Олександр Колдовскиді (6:3) жеңді. Алайда жартылай финалда грузиялық Гено Петриашвилиден (10:0) ұтылып қалды. Енді отандасымыз жұбаныш белдесуінде моңғолиялық Лхагвагерель Мунхтурмен қола медальді сарапқа салады.

Жалпы грек-рим, еркін және әйелдер күресі бәсекесі 10 салмақ бойынша өтеді. Осыған дейінгі әлем чемпионатын 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен еді. Ал былтыр жаһандық дода пандемияға байланысты әлем чемпионаты ұйымдастырылған жоқ.