«Ұлытау» ұлттық қорық- мұражайы «Tourism EXPO Japan 2018» xалықаралық көрмесіне қатысты

«Ұлытау» ұлттық қорық- мұражайы «Tourism EXPO Japan 2018» xалықаралық көрмесіне қатысты

2018 жылғы қыркүйек аралығында  Токиода өткен «Tourism EXPO Japan» дүниежүзіндегі сыртқы және ішкі туризм индустриясы саласының өкілдері қатысатын әлемдегі ең үлкен көрмелердің бірі. Биыл  оған 130 дан астам елден 1500  ұйым қатысты.  Мәдениет және спорт министрлігі эгидасымен көрмеге қазақстандық делегация да барып қайтты. Ұлттық біріңғай стендте  «Ұлытау» ұлттық қорық-мұражайы   әлемдік қауымдастықты Қазақстанның тариxи және географиялық орталығы, қазақ xалқының алтын бесігі - Ұлытаумен таныстырды. 

ҚР Президенті «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында   халық  санасына жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіру үшін «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керектігін айтқан болатын. «Идеяның түпкі төркіні Ұлытау төріндегі жәдігерлер кешенін, Қожа Ахмет Ясауи мав­золейін, Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бекет ата кесенесін, Алтайдағы көне қорымдар мен Жеті­судың киелі мекендерін және басқа да жерлер­ді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды меңзейді. Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Ол – ұлттық бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі» деген болатын. Н.Назарбаев онда  қамтылтуы тиіс үш мәселені атап, соның  бірі ретінде ішкі және сыртқы мәдени туризмнің ұлтымыздың осы қастерлі мұраларына сүйенуі тиістігін айтты.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласында Ұлытаудың аты бекерден-бекер айтылған жоқ. Осыдан бірер жыл бұрын Жеқазғанға сапарында  Президент  «Ұлытау-«әрбір қазақ баласы үшін қасиетті мекен. Бұл жер біздің бабаларымыз-ғұндардың, көк түріктердің, Алтын Орданың орталығы болған» дегені бар. Ұлытау тарихи ескерткіштерге толы жер.  Солардың арасында 9 ескерткіш «Қазақстанның қасиетті жерлер географиясы» ескерткіштер тізіміне кірді. Сонымен қатар,  біз «Терісаққан көктемі» этнофестивалін өткіземіз. Осы этнофестиваль аясында көрсетілетін «Бие байлау» және «Айғыр қосу» салт-дәстүрі тұтас Қазақстанда тек Терісаққан ауылында сақталған. 2015 жылы этнофестиваль Қазақстанның материалдық емес элементтер мәдени мұрасының Ұлттық тізіміне енгізілді. 2017 жылдың наурыз айында адамзаттың материалдық  емес мәдени мұра Репрезентативтік тізіміне әдет-ғұрыптарды қосу үшін Қазақстан Республикасы атынан осы жылы «Қазақ жылқышыларының дәстүрлі көктемгі мерекелік жоралғылары» тақырыбында енетін номинацияға  ЮНЕСКОға ұсынылды.   Яғни мәденит тұрғысынан Ұлытауды тек ұлттық қана емес сонымен қатар,   жаһандық ауқымдағы құн­дылық деп те қарастыруға болады. Әрі осы тұрғыдан  Ұлытаудың Қазақстан туризмінің күретамырына айналуына әлеуеті жеткілікті.  Қазір бұл тұрғыда мемлекет тарапынан ауқымды қолдау жасалып жатыр.  «Ұлытау» ұлттық қорық-мұражайының «Tourism EXPO Japan» көрмесіне қатысуы осы қолдаудың арқасында мүмкін болды. Бұл біздің төл мәдениетімізді әлемдік қауымдастыққа бірінші рет таныстыруымыз емес. Бұған дейін де бірнеше рет өзге елдерде осындай халықаралық көрмелерге қатыстық. Соның арқасында Ұлытаудың танымалдығы артып,  Қазақстанның осындай тарихи-қасиетті жерлерін көргісі, білгісі келетін шетелдік туристтердің саны артып келеді-дейді «Ұлытау» ұлттық қорық-мұражайының директоры Бақтияр Қожахметов.

Қорық-мұражай «Tourism EXPO Japan 2018» көрмесінде өз стендін үш тілде ұсынды. Тиісінше барлық көрнекі құралдар, жарнамалық буклеттер үш тілді яғни қазақша, ағылшынша және жапонша болды. Ұлытауға қызығушылық танытқан потенциялды туристтерге қорық-мұражайдың туристтік брошюралары таратылды. Сонымен қатар, басқа қатысушылардың тәжірибесін көріп-білу үшін фото және бейне түсірілімдер жасалды.

Осылайша, қазақстандық делегация  туризм саласында жаңа көкжиектерді ашып, әлем xалықтарының тариxи-географиялық және мәдени мұрасы тұрғысынан еліміздің әлеуеті мен  мүмкіндіктерін көрсетіп қайтты. 

 «Tourism EXPO Japan 2018» көрмесін  Жапония саяxат және туризм қауымдастығы, Жапония туристтік агенттіктерінің қауымдастығы және Жапония ұлттық туристтік ұйымы бірлесіп үйымдастырды. Көрме мақсаты шетелдегі, сыртқы және ішкі туризммен айналысатындардың басын бір жерде қосып, түрлі мүдделі тараптарға өз елдеріндегі туризм индустриясының болашағын таныстыруға мүмкіндік туғызу. Көрме қатысушыларға отандық және шетелдік туристтік өнімдер, нысандар мен бағыттарын әлемге таныстыру мақсатында іскерлік кездесулер, ақпарат алмасу сияқты бірнеше мүмкіндіктерді ұсынды. Көрме мен іскерлік кездесулер сияқты дәстүрлі форматтан бөлек, «Tourism EXPO Japan» басқа секторлармен де белсенді жұмыс жасап, туризм индустриясы саласындағылардың бизнесін одан әрі дамытып, жаңа мүмкіндіктер алуына көмектеседі.