Әріптер әлеміне саяхат

Әріптер әлеміне саяхат

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының «латын әліпбиіне көшу» туралы бағдарламасына орай сахналанған еліміздегі тұңғыш балаларға арналған «Әріптер әлеміне саяхат» танымдық қойылымымен Астана қаласындағы гастрольдік сапарына арналған баспасөз конференциясы өтеді.
Баспасөз конференциясына Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәбит Әбдіқалықов, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі Еркін Жуасбек, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының әртісі Ерден Жақсыбеков қатысады.