Бүгін Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Бекболат Байжановтың төрағалығымен еліміздегі спорт түрлерін саралау бойынша республикалық комиссияның отырысы өтті.
Жиынға барлық республикалық маңызы бар қала мен облыстағы спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы келіп, спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін қорғады. Комиссия мүшелері ұсынылған барлық тізбені талқылап, қарап шықты.
Айта кетейік, спорт түрлерін саралау қағидаларының негізінде бүкіл спорт түрі республикалық және өңірлік деңгейде бөлек сараланады. Нәтижесінде спорт түрлері А, В және С тобына бөлінеді. Аталған топтар келесі екі жылда спорт түрлерін саралауға негіз болады.
Екі жылда бір өтетін отырыста комиссия тарапынан өңірлік басыңқы спорт түрлерінің тізбесі келісілді.