
Естеріңізге сала кетсек, үстіміздегі жылы сәуір айында жалпыұлттық прокатқа шыққан кинотуынды қазақтың тенор дауысты біртуар әншіcі Әміре Қашаубаевтың ғұмырын баяндайды. Фильмді Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ және Әлидар Өтемұратовтың «Dar Play» компаниясымен бірлесе түсірген.
Халықаралық түсірілім тобының құрамында: америкалық қоюшы-режиссер Джеф Веспа (Jeff Vespa). Фильмнің сценарийін жазған Бенжамин А. ван дер Вин (Benjamin A. van der Veen). Басты рөлдерді отандық актерлер Санжар Мәдиев (Әміре) және Еркебұлан Дайыров (Мұстафа Шоқай) сомдаған. Сонымен қатар, британдық актер Бен Алдридж (Ben Aldridge) және «Область тьмы», «Три билборда на границе Эббинга, Миссури» фильмдері арқылы танылған австралиялық актриса Эбби Корниш (Abbie Cornish) және басқа да актерлер түскен.
Инновациялық технологиялардың Халықаралық қоры ұйымдастырған ең танымал іс-шаралардың бірі – Golden Eye кинофестивалі Грузияда 2009 жылдан бері өткізіліп келеді. Аталған кинофестиваль кино-және телеоператорларға баршама қолдау көрсетіп, олардың кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Анықтамалық ақпарат:
«Әміре», ұзақтығы: 88 минут
Өндірісі: «Қазақфильм» АҚ, «Dar Play» компаниясы
Бас Продюсері: Әлидар Өтемұратов.
Режиссері: Джеф Веспа (АҚШ).
Операторы: Максим Осадчий (Ресей).
Сценарий авторы: Бенжамин А. ванн дер Вин (АҚШ).
Кеңесші: Жарқын Шәкәрім, (ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Әміре Қашаубаевтың өмірі мен шығармашылығана арналған еңбектердің авторы).
Актерлер:
Эбби Корниш – Ли Эббот
Санжар Мәдиев – Әміре
Еркебұлан Дайыров – Мұстафа Шоқай.
Бен Олдридж – Джордж Гершвин
