Түрік Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты Ұлттық мұрағатқа электрондық тасымалдағыштағы құжаттардың көшірмелерін сыйға берді

Түрік Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты Ұлттық мұрағатқа электрондық тасымалдағыштағы құжаттардың көшірмелерін сыйға берді

Қазақстан Республикасының делегациясы, құрамында-Қазақстан Республикасы  Мәдениет және спорт министрлігі Архив ісі және құжаттама департаментінің Ақпараттық қызметтер және мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы А.Тоқтаров, ҚР Ұлттық мұрағатының директоры Ж.Махашов және ҚР Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры А Садуов түрік тарапының ресми шақыруы бойынша Стамбул қаласына жұмыс сапарымен барып қайтты.

Сапар барысында делегация Түркия Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатында (Осман мұрағаты) және Сулейман кітапханасында болып, Осман империясы дәуірінің бірегей тарихи көздерімен және манускриптер кітапханасымен танысты.

Түрік Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты біздің елдеріміз арасындағы достық қарым-қатынас пен құрмет белгісі ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатына Осман империясы мен Қазақ хандығы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты растайтын электрондық тасымалдағыштағы құжаттардың көшірмелерін сыйға берді.

Түрік Республикасына сапар аясында тараптар мұрағат және кітапхана ісі саласындағы тәжірибелерімен бөлісіп, Түрік Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатымен меморандум жасасу және түрік мамандарының біздің елден мұрағат ісі қызметкерлерін дайындау туралы уағдаластыққа қол жеткізді.