«Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ғылыми-практикалық конференция өткізеді

«Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ғылыми-практикалық конференция өткізеді

7-8 қазан аралығында Мәдениет және спорт министрлігіне бағынысты «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстандағы музей ісінің дамуы мен археологиялық зерттеулердің жаңа тенденциялары мен перспективалары» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Конференцияға археология, тарих саласындағы ғалымдар, тарихи-мәдени мұраны қорғау мен насихаттау мамандары, музей-қорықтардың, тарихи-өлкетану музейлерінің директорлары, туризм саласындағы мамандар қатысады. Конференция материалдары жинақ ретінде шығарылады. Іс-шара соңында қатысушыларға конференцияға қатысқаны туралы дипломдар табысталады.

Келесі сұрақтар бойынша талқылаудың негізгі тақырыптары ұсынылады:

- Қазақстанның Тәуелсіздік алғаннан кейінгі дамуы.

- Ұлы даланың жеті қыры: атқа міну мәдениетінің тарихи-мәдени феномені

- «Туған жер» бағдарламасы - жалпыұлттық патриотизмнің негізі

- Қазақстан Республикасының мәдени ескерткіштерінің ғылыми маңызы мен сақталуы

- Қазақстанның тарихи -мәдени мұрасы

- Тарихи-мәдени туризм және оның Қазақстандағы дамуы.

- Қазақстандағы археологияның теориясы мен практикасы.

Конференцияға қатысу үшін өтінішті 30 қыркүйекке дейін rgkp.botai_museum@mail.ru немесе botai_gid@mail.ru электронды поштасына жіберу керек. Конференция жинағының мақалалары 30 қыркүйекке дейін қабылданады.

Баяндамаларды ұсынуға қойылатын талаптар мен қатысу шарттары:

1. Көлемі 5-8 беттен тұратын компьютерлік қарпі - Times New Roman, 14 кегль, беттің сол жағындағы шегініс - 3 см, жоғарғы және төменгі жағында - 2 см, оң жақта - 1,5 см, бір жол интервалында.

2. Баяндаманың тақырыбы үлкен қаріппен көрсетілуі керек. Тақырып пен мәтін екі жолмен бөлінген. Тақырыптың оң жақ жоғарғы бұрышында автордың тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны, қызметі, ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы көрсетіледі.

3. Әдебиеттер тізімі мен сілтемелер мақаланың соңында араб цифрларымен төртбұрышты жақшамен беріледі [1, бет. 5].

4. Мақаланың соңындағы аннотация қазақ, орыс тілдерінде берілуге тиіс.

Өтетін орны: Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл ауылы, Ақан сері атындағы аудандық мәдениет үйі.