Ташкентте «Жібек жолының маржаны» атты халықаралық кинофестиваль басталды

Ташкентте «Жібек жолының маржаны» атты халықаралық кинофестиваль басталды

Бүгін Ташкентте «Жібек жолының маржаны» атты XIII халықаралық кинофестивальдің ресми ашылуы өтті.

3 қазанға дейін созылатын халықаралық кинофестивальге шетелдік танымал кино режиссерлер мен бірге жас мамандар да қатысып, «Кино 5 күнде» атты бағдарлама барысында тәжірибе алмаса алады. «Кино 5 күнде» байқауы аясында 22 мемлекеттен келген 20-дан астам жас режиссер Өзбекстан жайлы «Ұлы Жібек жолы» тақырыбына қысқаметражды фильм түсіруі керек. Жаңа бастаған режиссерлерге 13 ірі қала мен 30 орын қолжетімді болады. Сонымен қатар бағдарламаға қатысушылар «Жаңа буын киносы» фестивалі аясында өз фильмдерін көрсетеді.

Елімізден бұл байқауға Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының президенті Ақан Сатаев, вице-президент Айдархан Әділбаев, Нұржұман Ықтымбаев, Жаннат Қуанышева, Азамат Сатыбалды, Самал Есләмова, Берік Айтжанов, Аружан Жазылбекова сынды танымал актерлер аттанды.

Фекстиваль аясында елімізбен қатар Әзірбайжан, Беларусь, Египет, АҚШ, Израиль, Үндістан, Италия, Иран, Польша, Ресей, Қырғыз елінің кино күндері өтеді. «Әлемдік кино күндері» барысында «Қазақфильм» киностудиясының келесі кино картиналары жұртшылық назарына ұсынылады. Олар: «Аманат» (реж. Сатыбалды Нарымбетов), «Оралман» (реж. Сәбит Құрманбеков), «Анаға апарар жол» (реж. Ақан Сатаев), «Әміре» (реж. Джефф Веспа), «Уақыт жолдары» (реж. Ерлан Нұрмұхамбетов пен Лиза Такеба) фильмі мен «Мұзбалақ» (реж.Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазы), «Күлтегін» (реж. Адай Әбілдинов) анимациялық фильмі.