Түркістанда халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді

Түркістанда халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді

2018 жылдың 18-20 қазан күндері Түркістан қаласында Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдығына орай «Ұлы Жібек жолы бойындағы ортағасырлық қалалар» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді. 
Конференция Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген тарихи-мәдени мұралар мен қасиетті орындарды насихаттау, Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан қалалардың әлемдік мәдениетке қосқан үлесін жəне Қазақ хандығының ғасырлар бойы рухани астанасы болып келген Түркістанның орны мен рөлі және отандық музей саласындағы актуалды проблемаларды сараптау, талдауға арналған. 
Жиынға Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Украина елдерімен және отандық ғалымдар мен музей ісінің мамандары қатысады.