
26 қыркүйек, сағат 06:00-де Нұр-Сұлтан қаласында (Тұрар Рысқұлов көшесі - EXPO көрмесі алаңы) дәстүрлі Astana Marathon 2021 халықаралық марафоны басталады. Ауқымды жарыс ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған.
Биылғы марафон қатысушылар үшін ерекше болмақ: бұл жолы олар жаппай марафонға ғана емес, мүлдем жаңа деңгейдегі – «қола» мәртебесі бар марафонға қатысады.
Bronze Label Road Races мәртебесі 2019 жылы қарашада World Athletics ұйымы тарапынан берілді. Осылайша, Astana Marathon ТМД аумағында осындай статусқа ие болған алғашқы және жалғыз марафонға айналды. 2018 жылдан бастап Astana Marathon Халықаралық марафондар мен желаяқатар қауымдастығының (AIMS) мүшесі. Сонымен қатар 2020 жылдан бастап Abbott World Marathon Majors Wanda Age Group жас ерекшелік топтарында марафоннан әлем чемпионатының біліктілік марафондар тобына енді.
Биыл ұйымдастырушылар пандемияға байланысты қатысушылардың санын 5100-ге дейін шектеп отыр. Марафон қашықтығы мен бағыты IAAF тарапынан сертификатталған. Ұйымдастырушылар дәстүрлі түрде елорданың университеттері мен ұйымдарынан еріктілерді тартады.
18 және одан жоғары жастағы азаматтар 42.2 км, 16 және одан жоғары жастағылар 10 км қашықтыққа жүгіреді. Марафонға қатысу үшін www.astana42k.com сайтында онлайн тіркеуден өте аласыздар. 42.2 және 10 км қашықтыққа өтінім беру мерзімі 23 қыркүйекке дейін (сағат 24:00). Айта кетейік, биыл халықаралық марафонға тек вакцинацияланған желаяқтар қатыса алады (вакцинация тек ересек қатысушылар үшін).
Astana Marathon қайырымдылық жарыстары 2009 жылдан бері өткізіліп келеді. Бүгінгі таңда Astanа Marathon-ға әртүрлі деңгейдегі қатысушылар арасында қызығушылық артып келеді. Әуесқойлар үшін Бостон марафонына қатысу мүмкіндігін сыйласа, кәсіби спортшылар үшін Олимпиада лицензия иеленуге жол ашады. Сонымен қатар бұл әлемнің түкпір-түкпірінен келетін желаяқтар жеке рекордын жаңартуға мүмкіндік береді. Бүгінде Astana Marathon ерлер мен әйелдер санатында Орта Азиядағы ең жылдам марафон.
Іс-шара ауқымдылығымен және халықаралық мәртебесімен ғана емес, қазақстандық марафоншыларды қалыптастыру, елорда мен еліміздің имиджін ілгерілету, Қазақстанның қайырымдылық ұйымдарына тұрақты қолдау көрсету сынды жоғары мақсатымен де танымал. 2009 жылдан бастап Astana Marathon ұйымдастырушылары қазақстандық қайырымдылық ұйымдары үшін 37,125,458.00 теңге жинаған. Марафонды ұйымдастырушы – Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы. Ал Astana Marathon негізін қалаушы – Гаухар Брамлей-Фентон.
Astana Marathon 2021 халықаралық марафонына Covid-19-ға қарсы екпе алған немесе 3 күннен аспайтын ПЦР-тестінің нәтижесі бар БАҚ өкілдеріне қатысуға рұқсат беріледі.
БАҚ үшін аккредиттеу: 25.09.2021 ж. 16:00-ге дейін, e-mail: medina011091@mail.ru, тел/WhatsApp: +7-778 760 47 91 Мадина Айтқалиева.