
Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен мәдениет саласындағы ұйымдар мен ерекше қажеттілігі бар адамдармен жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар және дене күтімін қажет ететін мәдениет ұйымдарының қызметкерлері арасында Ónerpaz bolsań атты республикалық байқау басталды. Үміткерлерден өтініш 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында қабыланады.
Бүгін осыған орай Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз жиыны өтті. МСМ Мәдениет комитетінің төрағасы Ақан Әбдуәлиев, Ақмола облысы орыс драма театрының директоры Бейбіт Бақтыгереев, «Мирас-А» қайырымдылық қорының жетекшісі Серік Жүзбай, Activ life мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Арнұр Ысқақов қатысып, фестиваль жайлы БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Ónerpaz bolsań фестивалінің мақсаты – ерекше қажеттілігі бар азаматтар арасынан талантты жандарды анықтау, қолайлы орта құру. Дене жағдайы бойынша сау адамдармен бірдей бәсекеге түсе алмайтын адамдар үшін қоғамның барлық объекті бірдей қолжетімді болуы қажет. Мәдениет және спорт министрлігі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға үнемі қолдау көрсетеді.
Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы есту қабілеті нашар адамдарға арналған бейне-экскурсияларды ұсынады. «Рухани қазына» республикалық фестивалі аясында денсаулығы ерекше күтімді қажет ететін адамдар үшін арнайы номинациялар қарастырылды. Ақмола облысы орыс драма театры мүмкіндігі шектеулі отандастарымыз үшін өздерін қоғамнан шеттеп қалғандай сезінбеуі үшін «бірдей болу міндетті емес» жобасын іске қосты. Ерекше қажеттілігі бар балаларға икемделген «Үйшік» және «Бауырсақ» ертегісін «Kinder-Театр» алаңында сахналады. Олар қойылым барасында тек көрермен ғана емес, іс-шараға қатысып көңіл сергітті. Іс-шара барысында балақайлар ән айтып, би-билеп түрлі ойындарға қатысты. «Бірдей болу міндетті емес» жобасына қатысушылар және Ақмола облысының орыс драма театрының шығармашылық ұжымы. Е.Тургеневтің «Муму» әңгімесі бойынша есту қабілеті нашар балалардың қатысуымен толыққанды спектакль қойды. Қоюшы режиссер Тимур Валиев театр ұжымымен бірге инновациялық жобаның түпкі мақсатын дәл айқындап берді. Қойылымға есту қабілеті нашар балалар қатысқандықтан олар көмекші аудармашының көмегіне жүгінді.