21-25 қыркүйек аралығында Шымкент қаласында тірек-қимыл аппараты мен көру қабілеті нашар спортшылар арасында еліміздің VI Спартакиадасы аясында паралимпиадалық емес спорт түрлерінен (дойбы-64, дойбы-100, шахмат, арбада билеу, тоғызқұмалақ, каратэ) жарыс өтеді. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 300-ден астам спортшы қатысады.