
23-24 қыркүйек аралығында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Үлкен залында Mission to Mars симфониясының премьерасы өтеді.
Осыған орай, 23 қыркүйек, сағат 12:00-де филармонияның камералық залында Марат Бисенғалиев (дирижёр, скрипкашы), Серік Нұрмолдаев (жеке орындаушы, сыбызғы), Райхан Ескендірова (жобаның бас менеджері) қатысуымен баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.
Mission to Mars – халықаралық мәдени жобасы Колтон Лестер (АҚШ-Ұлыбритания), Ханой Бухрис (Тунис), Ибрагим Әл Джунаиби (БАӘ) және Кайзад Пател (Үндістан) сияқты қазіргі жас композиторлардың халықаралық құрамымен жасақталған. Жоба Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясымен бірлесіп, ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі және Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының қатысумен жүзеге асырылып жатыр.
Жобаның көркемдік жетекшісі және бас дирижері – белгілі скрипкашы-виртуоз Марат Бисенғалиев. Марат Бисенғалиев бүгінде әлемнің түрлі мәдениеттерін біріктіруші өнерпаз. Ол осы жобаны Қазақстанда іске асырып, әрі қарай әлемдік мәдени қоғамдастықтың үздік концерт алаңдарында өткізуге жолдама алуға мүмкіндік берді. Концертке Серік Нұрмолдаев (сыбызғы), халықаралық байқаулардың лауреаты Меруерт Мүсірәлі (вокал) қатысады.
Жоба Da Coda Musiqaa (dacodamusiqaa@gmail.com) бастамасымен БАӘ-нің Әбу-Даби мәдени қорының қолдауымен қолға алынды. Бұл ретте Әмірліктерде Марат Бисенғалиевтің есімі мен шығармашылығы кеңінен танымал екенін айта кеткен жөн. Бұл шығарма БАӘ-нің 50 жылдығына және араб елі басқаратын ұшқышсыз планетааралық спутниктердің алғашқы ғылыми ұшуы – Әл-амал (Надежда) зондының Марсқа ұшырылуына арналған. Бұл симфонияның авторлары өз шығармашылығымен осы Марс спутнигін ұшыру мысалында ғарышты игерудегі адам ақыл-ойының жетістіктерін атап өту міндетін қойды.
ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі филармония құрамына 1958 жылы енгізілді. Оның ұйымдастырушысы, жетекшісі және алғашқы дирижері Қазақ КСР Халық әртісі, Ресейдің Халық әртісі, Татар АКСР Халық әртісі Фуат Мансуров болды. Оның есімі тарихқа алтын әріптермен жазылды. Оркестрге 20 жылдан астам уақыт бойы белгілі дирижер Төлепберген Әбдірашев жетекшілік етті. Т.Әбдірашевтың шеберлігі мен біліктілігі әлемнің көптеген елдерінде мойындалған. Тимур Мыңбаев ұзақ жылдар бойы ҚР Мемлекеттік симфониялық оркестрінің дирижері болып жұмыс істеді. Қазақ ұлттық фольклоры – Тимур Мыңбаев шығармашылығының маңызды қайнар көзі. Ол дирижерлік, композиторлық және музыкатанушылық қызметті сәтті ұштастыра білді. Қазір оркестрді талантты жас дирижер Қанат Омаров басқарады.
Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы құрамына 1935 жылы кірді. Бүгінгі таңда капелланың репертуары өңделген халық әндерін, үлкен формаларды – сюиталарды, өлеңдерді, кантаталарды және ораторияларды қамтиды. Бақытжан Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының репертуарында шетелдік классиктер мен қазақстандық композиторлардың шығармаларын мықтап енгізді. Көркемдік-шығармашылық әлеуеті жоғары ұжымның мұндай бағдарламасы капеллаға Қазақстанда және шетелдік сахналарда өнер көрсетуге мүмкіндік берді. Ұжымның көркемдік жетекшісі және бас дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бейімбет Демеуов.
Da Coda Musiqqa жобасының негізін Гүлмира Абдухаликова мен Ким Селбер қалаған. Коммерциялық емес бастама БАӘ-дегі суретшілер мен музыканттарды біріктіріп, шабыттандырады, шығармашылық білім мен ынтымақтастыққа ықпал ететін мәдениетаралық жобаларды әзірлейді және жүзеге асырады. Әбу-Даби мәдени қоры – Әмірліктердің халықаралық қоғамдастықпен мәдениаралық байланысын нығайтуға арналған алғашқы мәдени орталығы. Осы жоба аясында жыл бойы жергілікті, аймақтық және халықаралық таланттардың қатысуымен классикалық, театр, музыка және би музыкасының үйлесімін ұсына отырып, әлемдік деңгейдегі заманауи және отандық орындаушылық өнер бағдарламасын ұсынады.
БАҚ назарына! Алдын-ала аккредитациядан өтіп, тізім ұсыну керек. Байланыс: +7 7017518985 - Мәриям Куптлеуова, +7 702 809 8007 - Манар Алиева.