
Иорданияның Амман қаласында гандболдан әйелдер арасындағы XVIII Азия чемпионаты өтіп жатыр.
Бүгін А тобындағы екінші турда Қазақстан құрамасы Гонконгты 31:29 есебімен жеңді. Ұлттық құрама кеше алғашқы ойында Сингапурдан (33:18) басым түскен еді.
Айта кетейік, 11 құрама қатысып жатқан құрлық бәсекесі 15 кыркүйекте басталды. Чемпионат 25 қыркүйекте мәресіне жетеді.