Мәдениет объектілерін жөндеу жұмысы жалғасып жатыр

Мәдениет объектілерін жөндеу жұмысы жалғасып жатыр

Биыл Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасы шеңберінде мәдени нысандарды күрделі жөндеуден өткізу бойынша жұмыс іске асырылып жатыр. Мәдениет және спорт министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жөндеуді және қалпына келтіруді талап ететін 1241 мәдениет объектісін айқындады.

Осы орайда биыл еліміздің 17 өңірінде 211 нысанды жөндеу жоспарланған. Нысандардың басым бөлігі Қарағанды (27) және Жамбыл облысына (23) тиесілі.

Қазіргі уақытта Павлодар облысының Новочерноярка ауылында мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Қарағанды кеншілер мәдениет сарайын жөндеу жұмысы тамыздың аяғында аяқталды. Сонымен қатар Қарағанды облысында Баймырза ауылында клуб пен Молодежный кентінің мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтеді.

Аталған Жол картасының қорытындысы бойынша 2022 жылы 265 объектіні, 2023 жылы 260 объектіні, 2024 және 2025 жылдары тиісінше 255 және 250 объектіні жөндеу жоспарланған.