
Бүгін «Динамо» орталығында оқ ату спортынан жарыстың екінші күні өтті. Қазақстандық спортшылар тағы екі алтын және екі күміс медальге қол жеткізді.
Әуелі Ирина Локтионова пневматикалық тапаншамен оқ ату бәсекесінде чемпион атанды. Осыдан кейін Әлішер Айсалбаев стенд атудың трап жаттығуында күміс жүлдеге ие болды.
Сонымен қатар стенд атудың скит жаттығуында қос жүлдеге қол жеткіздік. Қыздар арасында Адель Садақбаева қарсылас шақ келтірмей, жеңіске жетсе, ұлдар сынында Рахым Асади күміс медаль алды.
Айта кетейік, бұл спорт түрінен 2001-2004 жылы туған жасөспірімдер сынға түсіп жатыр. Аталған спорт түрінен жарыс 10 қыркүйекте мәресіне жетеді.