ТМД елдері ойындары: еркін күрес шеберлері 9 жүлдеге қол жеткізді

ТМД елдері ойындары: еркін күрес шеберлері 9 жүлдеге қол жеткізді

Бүгін ТМД елдері арасындағы спорт ойындарында еркін күрес шеберлері жүлде үшін таласқа түсіп, кім мықтыны анықтады. Қазан қаласындағы «Ақ Барыс» жекпе-жек сарайындағы боз кілем төрінде тоғыз балуанымыз жүлдегер атанды. Өкінішке қарай, кеше-бүгін бұл спорт түрінен қоржынымызға алтын медаль түспеді.

Еркін күресте 74 килода Айдос Жылқайдаров ресейлік Чермен Валиев пен беларусь Давуд Ализаловтан кейін үздік үштікті түйіндеді.

Сонымен қатар 79 килода Дәулет Ергеш әзірбайжандық Ашраф Аширов пен ресейлік Амхад Ташухаджиевтен кейін тұғыр биігіне көтерілді. Сондай-ақ 97 килода белдескен Юнус Гафуров та қола жүлдегер атанды.

Ал әйелдера күресінде 53 кило салмақтың финалында отандасымыз Эллада Махяддинова ресейлік Екатерина Вербинадан айласын асфра алмады.

Бұдан бөлек, Лаура Алмағамбетова (55 кг), Айгерім Ибрашева (59 кг), Ирина Кузнецова (62 кг) қола алды.

68 килода Альбина Қайыргелдинова финалда ресейлік Вусала Парфиановичке жол беріп, күміске ие болды.

76 килода Іңкәр Жаңатаева жұбаныш белдесуінде жеңіске жетіп, үшінші орыннан көрінді.