
Ертең ТМД елдері арасындағы спорт ойындарында шаршы алаң шеберлері кім мықтыны анықтайды. Қазан қаласында 2013 жылғы XXVII дүниежүзілік жазғы Универсиадаға арнап салынған бокс пен үстел теннисі орталығында 26 жүлде жиынтығы (13 ер, 13 әйел) сарапқа салынады.
Бүгін жартылай финал жекпе-жектері өтті. Қазақстан құрамасы сапынан алты былғары қолғап шебері ақтық сынға жолдама алды. Олар:
48 кг. Анита Адишева – Робияхон Бахтиёрова (Өзбекстан)
52 кг. Томирис Мырзақұл – Анастасия КООЛЬ (Ресей)
54 кг. Виктория Байдукова – Эвита Аверьянова (Ресей)
60 кг. Ұлжан Сәрсенбек – Мухлиса Тохирова (Өзбекстан)
70 кг. Бақыт Сейдіш – Ойша Тоирова (Өзбекстан)
66 кг. Мырзахан Мәуленов – Владислав Кузнецов (Беларусь)
Бұдан бөлек, 15 қазақстандық боксшы жартылай финалда қарсыласына жол беріп, қола жүлдегер атанды.
Олар: Жандарбек Ізбасаров (44-46 кг), Ислам Машкентаев (48 кг), Сұңғат Расулов (50 кг), Нұрислам Қалдыбаев (52 кг), Мадияр Отар (54 кг), Ерасыл Мұстафинов (57 кг), Ерсұлтан Төлеген (60 кг), Әділ Қасымов (63 кг), Әлинұр Өмірбеков (70 кг), Батырхан Сейтенов (75 кг), Нұрасыл Бауыржан (80 кг);
Қыздар арасында: Дельфина Әбілхан (44-46 кг), Карина Тоқубай (50 кг), Аружан Жаңабаева (66 кг), Назереке Рысбай (80 кг).
Айта кетейік, ертең финал Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 11:00-де басталады.