
Бүгін Токио Паралимпиадасына аттанған қазақстандық үш паратаеквондошының екеуі жүлде үшін таласқа түсті.
58 килоға дейінгі салмақта К44 санатында Кәмиля Досмалова алғашқы айналымда (1/8) сербиялық Мария Мицевпен күш сынасып, жеңіліп қалды. Осыдан кейін ширек финалда мысырлық Сальма Абохегазиге жол берді.
Ал ерлер арасында 75 килоға дейінгі салмақта К44 санатында даянгқа шыққан Нұрлан Домбаев алғашқы жекпе-жегінде аргентиналық Хуан Самораноны тізе бүктірді. Негізгі уақытта екі спортшы тең түскен (25:25). Қосымша уақытта Нұрлан бірінші болып ұпай алып, басым екенін танытты. Бірақ ақтық финалға берілер жолдама үшін таласта ирандық Махди Пуррахнама Ахмадгурабиден ұтылып қалды. Өкінішке қарай, Нұрлан қола жүлде үшін жұбаныш кездесуінде аргентиналық Хуан Самораномен қайта даянгқа шығып, тартысты жекпе-жекте 13:12 есебімен есе жіберіп алды.
Енді ертең Нышан Өмірәлі сынға түседі.