
24-30 тамыз аралығында Германияның Вейден қаласында биатл мен триатлдан Әлем чемпионаты өтті. Еліміздің спортшылары бұл бәсекеде 21 медальге қол жеткізді.
Триатл – суда жүзу, жүгіру және нысана көздеу сынды спорт түрінен тұрса, биатлға – суда жүзу мен жүгіру кіреді. Әр түр арасындағы сайыстар үзіліссіз, бірінен кейін бірі жалғасып кете береді. Бұл олимпиада бағдарламасына кіретін қазіргі бессайыстың құрамдас бөлігі саналатын бұқаралық спорт түрлері. Биатл мен триатл спорт түрі қазіргі бессайысты танымал ету, спорттың бұқаралығы мен қолжетімділігін арттыру үшін құрылған болатын. Ол су қоймасының немесе теңіздің жағасында ашық жерде өткізіледі.
Қазақстан делегация сапында Германиядағы чемпионатқа 14 адам аттанды. Құрамадағы 12 спортшы медаль үшін күресте жекелей және эстафета-микс санатында өнер көрсетті.
Спортшылар – Т.Теміров, А.Бейсенбаев, М.Ысқақов, М.Жәкен, М.Шмулич, Р.Романчук, Н.Дубицкий, І.Әлиев, Ю.Петрова, А.Редченко, А.Голубь, А.Захарова; Бапкерлер – С.Пихидько, Ю.Соловьев.
Біздің спортшылар барлығы 21 медаль (4 алтын, 9 күміс, 8 қола) жеңіп алды. Бұл біздің команданың 2017 жылдан бастап биатл және триатлоннан Әлем чемпионатындағы ең сәтті өнер көрсетуі.
Бірінші күні, 26 тамызда биатл эстафета-микс арқылы басталып, 19 жасқа дейінгі жас санатында отандасымыз чемпион атанды. Сонымен қатар 17 жасқа дейінгі жас санатында біздің спортшылар жүлдеге ілікті.
1-орын, 19 жасқа дейін – Анастасия Захарова және Мұрат Жакет. 3-орын, 17 жасқа дейін – Анатолий Голубь және Юлиана Петрова.
Екінші күннің қорытындысы бойынша триатлдың эстафета-микс санаты бойынша Анастасия Захарова мен Максим Шмулич 19 жасқа дейінгі жас санатында 3-ші орын, ал Юлиана Петрова мен Анатолий Голубь 17 жасқа дейінгі жас санатында күміс жүлдеге ие болды.
Үшінші күні ерлер мен әйелдер арасында триатл бойынша жеке сын өтті. Онда біздің құрама 7 медаль алды. Оның ішінде 1 алтын, 4 күміс және 2 қола бар. Ерлер арасында 2-ші және 3-орын: Аян Бейсенбаев пен Мейірлан Ысқақов. Жасөспірімдер арасында 1-ші және 2-орын: Ілияс Әлиев пен Рашит Романчук. 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 2-ші және 3-орын: Мұрат Жәкен және Максим Шмулич. 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 2-орын: Никита Дубинский.
29 тамызда барлық жас тобы арасында биатл спорт түріндегі жарыстың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 10 медальге ие болды. Оның ішінде 2 алтын, 4 күміс және 4 қола. Ерлер арасында 1, 2 және 4-орындар: Аян Бейсенбаев, Мейірлан Ысқақов және Темірлан Теміров. Жасөспірімдер арасында 2-ші және 3-орын: Рашит Романчук және Ілияс Әлиев. 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 1-ші және 2-орын: Максим Шмулич пен Мұрат Жәкен. 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында 2-ші және 3-орын: Никита Дубинский және Анатолий Голуб. 19 жасқа дейінгі қыздар арасында 3-орын: Юлиана Петрова. 17 жасқа дейінгі қыздар арасында 4-орын: Ангелина Редченко. 15 жасқа дейінгі қыздар арасында 3-орын: Анастасия Жаркова.
Биатл және триатл құрамасының бас бапкері Юрий Соловьевтің аталған жарыс жайлы пікірі:
«Биатлоннан және триатлоннан Әлем чемпионаты Германияның әдемі ескі қаласында әсем көлде өтті. Күн райы қолайсыз болса да, яғни 16 градус жылы болғанына қарамастан чемпионат жақсы өтті. Біздің спортшыларымыздың өнер көрсетулеріне келетін болсақ, ерлер санатында өнер көрсеткендерді ерекше атап өткіміз келеді. Онда біз бұрын алтын медаль алмаған едік, ал біздің спортшылар тұғырда 1-ші және 2-орында тұрса, үшінші орында ересектер арасындағы биатл санатында аздап жеңіліс тапты. Темірлан Теміров бір күн бұрын қатты суықтап, бірнеше секунд ұтылып, 3-орынды ұстай алмады. Триатлон өтіп жатқанда біздің спортшыларымыз Аян Бейсембаев және Мейірлан Ысқақов 2-ші және 3-орындарға ие болған кезде Халықаралық федерацияның Президенті Клаус Шорман біздің спортшыларымызды атап өтіп, «енді биатлонда 1-ші және 2-орындарға кім ие болатыны түсінікті болды»,- деді. Әрине, осы әлем чемпионатында медаль алу жағынан орнатқан рекордымызды атап өткім келеді».