
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауын жолдады. Мемлекет басшысы өз Жолдауында Үкімет алдына өзге салалармен қатар мәдениет, спорт, мұрағат және туризм саласында да бірқатар нақты міндеттер қойды.
Осыған орай Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың төрағалығымен аталған міндеттерді іске асыруды талқылау мақсатында кеңес өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына баға берді. Ол халықты толғандыратын мәселелерді, соның ішінде өңірлік қауіпсіздік, азық-түлікпен қамтамасыз ету, вакцинациялау, қазақстандықтардың материалдық әл-ауқатын арттыру мәселелерін атап өтіп, аталған салаларда қалыптасқан жағдайды жақсарту бойынша нақты тапсырмалар берді.
Министр жиналыс барысында атап өткендей, әлеуметтік-мәдени саланы дамыту Мемлекет басшысының үндеуінде ерекше айтылды. Мысалы, жаңа жанрлық форматтарды игеріп, үнемі тәжірибе жасап жүрген жас және талантты мүсіншілерді, суретшілерді, театршыларды, музыканттарды, жазушыларды жан-жақты қолдау туралы айтылады.
«Ал олардың арқасында қазақстандық мәдениет жаһандық дыбысқа ие болуда. Сондықтан Үкімет сарапшылармен бірлесіп, жыл соңына дейін Жаңа мәдениетті ілгерілетуге бағытталған практикалық шаралар жоспарын жасауы керек», - деп тапсырды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ, ведомство басшысы Президенттің жалақыны көтеру туралы тапсырмасы мәдениет, архивтер, кітапханалар саласындағы қызметкерлер үшін тамаша жаңалық болғанын атап өтті. Мәдениет ұйымының қызметкерлеріне, мұрағатшылар мен кітапханашыларға 2022-2025 жылдар аралығында жалақы жыл сайын орта есеппен 20% - ға өсетін болады. Бұл шамамен 600 000 қазақстандықты қамтиды.
Ведомстволық жиналыстың соңында Ақтоты Райымқұлова Мемлекет Басшысының тапсырмаларын бұлжытпай орындау, сондай-ақ бүкіл Министрліктің және оған ведомстволық бағынысты ұйымдардың біртұтас құрылым болып табылатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің біртұтас бөлігі ретінде қызмет атқару қажеттігін тағы да атап өтті.