
Ертең 2022 жылы Катарда өтетін футболдан Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы Қазақстан құрамасы өз алаңында Украинамен ойнайды.
Матч Нұр-Сұлтан уақытымен кешкі 20:00-де басталады. «Астана-Арена» стадионында өтетін ойынды жанкүйерлер алаң жиегінен тамашалай алады. Бірақ жанкүйерлер саны стадион сыйымдылығының 30%-нан аспауға тиіс. Сонымен қатар «Астана-Аренаға» кіргізу ASHYQ қосымшасын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Билеттер тек онлайн, https://zakazbiletov.kz сайтында сатылады.
Ертеңгі кездесуге шақырту алған екі құраманың футболшылары:
Қазақстан құрамасы
Қақпашылар: Стас Покатилов («Қайрат»), Мұхамеджан Сейсен («Тараз»), Игорь Щацкий («Шахтер»);
Қорғаушылар: Нұралы Әліп, Ян Вороговский (екеуі де – «Қайрат»), Абзал Бейсебеков («Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Сергей Малый, Александр Марочкин, Руслан Валиуллин (барлығы – «Тобыл»), Темірлан Ерланов, Юрий Логвиненко (екеуі де – «Ақтөбе») Әлібек Қасым («Қызыл-Жар СК»), Еркін Тапалов («Ақжайық»), Мақсат Тәйкенов («Каспий»);
Жартылай қорғаушылар: Владислав Васильев («Андижан», Өзбекстан), Бахтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Исламбек Қуат («Астана»), Серікжан Мужиков, Асхат Тағыберген, Самат Жарынбетов, Азат Нұрғалиев (барлығы – «Тобыл»), Рамазан Оразов («Ақтөбе»);
Шабуылшылар: Айдос Тәттібаев («Шахтер»), Артур Шушеначев («Қайрат»), Алексей Щеткин («Ротор», Ресей);
Украина құрамасы
Қақпашылар: Андрей Пятов, Дмитрий Резник, Денис Бойко;
Қорғаушылар: Виктор Корниенко, Николай Матвиенко, Сергей Кривцов, Александр Караваев, Александр Сирота, Виталий Миколенко, Илья Забарный, Александр Тимчик, Эдуард Соболь, Тарас Качараба;
Жартылай қорғаушылар: Александр Зинченко, Николай Шапаренко, Сергей Сидорчук, Руслан Малиновский, Виктор Цыганков, Виталий Буяльский, Тарас Степаненко, Андрей Ярмоленко, Игорь Харатин, Александр Зубков, Евгений Макаренко;
Шабуылшылар: Роман Яремчук, Даниил Сикан.
Қазақстан мен Украина құрамасы алғаш рет 2004 жылы 8 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда ойнап, 1:2 есебімен қонақтар басым түскен. Жалпы бүгінге дейін 5 кездесудің 4-еуінде Украина жеңіске жетсе, тек бір рет жеңімпаз анықталмаған.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы осыған дейін D тобында екі ойын өткізді. Алғашқы матчта өз алаңында Франциядан жеңілгенімен (0:2), кейін түзде Украинамен тең түсті (1:1). Қазір біздің ұлттық құрама мен Босния және Герцеговина бір ұпаймен 5-орында келе жатыр. Ал Украина үш ойыннан кейін 3 ұпай жинап, әлем чемпионы Францияның ізін ала екінші орынға жайғасты. Қазақстан мен Украинадан бөлек, D тобында Франция, Финляндия, Босния және Герцеговина құрамасы бар.