
Бүгін пара дзюдо бәсекесінің соңғы күні 90 килоға дейінгі салмақта сынға түскен Жанбота Аманжол жұбаныш белдесуінде франциялық Гелиос Латчуманадан ұтылып, қола жүлдеге қол жеткізе алмады. Жанбота алғашқы Паралимпиадасын үздік бестіктің қатарында аяқтады.
Айта кетейік, 24 жастағы қазақстандық алғашқы айналымда Ресей Паралимпиада комитетінің өкілі Владимир Фединді таза ұтқанымен, ширек финалда Александр Назаренкоға жол берді. Украиналық пара дзюдошы финалға шыққандықтан Жанбота жұбаныш белдесуіне қатысуға мүмкіндік алды. Бұл жолда Рио Паралимпиадасының қола жүлдегері өзбекстандық Шухрат Бобоев таза жеңді. Алайда Гелиос Латчуманамен болған кездесу отандасымыздың пайдасына аяқталған жоқ.