Рахметжан Хамаев үздік бестікті түйіндеді

Рахметжан Хамаев үздік бестікті түйіндеді

Бүгін пара пауэрлифтингтен 88 килоға дейінгі ерлер арасындағы бәсекенің жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталды. Қазақстандық Рахметжан Хамаев сегіз спортшының арасында үздік бестікті түйіндеді. 34 жастағы пара спортшымыздың үздік нәтижесі алғашқы мүмкіндігіндегі 195 кило. Осыдан кейінгі екі мүмкіндігінде Рахметжан (201 кг мен 214 кг) зілтемірді ырқына көндіре алған жоқ.

Бұл ссында иорданиялық Абделькарим Моммад Ахмад Хаттаб чемпион болды. Ал күміске қытайлық Е Цзисюн, қолаға мысырлық Хани Абдельхади қол жеткізді.

Айта кетейік, Рахметжан Хамаев үшін алғашқы Паралимпиада.