
Мәдениет және спорт миниистрлігі «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы Жол картасының 110-тармағын іске асыру аясында отбасылық анимация және көркем фильмдерді қазақ тіліне дубляждау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Мәселен, биыл 15 фильмді дубляждау жоспарланған.
Қазіргі отандық телеарналарда көрсетілетін 6 отандық фильмнің дубляжы аяқталды. Олар: «Қарқаралы», «Көкшетау», «Ер қанаты», «Нұркен Әбдіров. Ұлдарымның ең кенжесі», «Кедергілерді жеңу» деректі фильмі мен «Күнбағыс» көркем фильмі бар.
Бұдан бөлек «Каникулы оффлайн» және «Ночной Бог» толықметражды көркем фильмінің дубляжы аяқталуға жақын.
Жыл аяғына дейін тағы жеті көркем және анимациялық фильмнің дубляжын аяқтау жоспарланған. Жалпы 2025 жылға қарай Министрлік 60 анимациялық және кең прокатқа арналған фильмді дубляждап, көрерменге ұсынбақ.