Сиязбек Далиев баттерфляй әдісімен жүзуде бестікті түйіндеді

Сиязбек Далиев баттерфляй әдісімен жүзуде бестікті түйіндеді

Бүгін 50 метрге баттерфляй әдісімен суда жүзуден ерлер арасындағы S5 санатындағы финалдық жарыс аяқталды. Қазақстандық Сиязбек Далиев 8 спортшының арасында 5-орынға тұрақтады. Көрсеткіші - 35.27 секунд.

Айта кетейік, отандасымыз таңертең іріктеу кезеңінде бұл қашықтықты 35.73 секундта жүзіп өткен еді.

Ал үш жүлдені де қытайлық пара спортшы иеленді.