
Биыл Мәдениет және спорт министрлігі Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасындағы Жол картасын іске асыру аясында жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысын көбейтті.
Жаттықтырушылардың жалақысын арттыруға биыл республикалық бюджеттен 12,7 млн. теңге қарастырылған. Бұл қаражат жергілікті атқарушы органдарға берілетін нысаналы трансферттер аясында бөлінген. Жалақы 1,5 есеге артты және облыстағы балалар мен жасөспірімдер мектептерінің, олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің, олимпиадалық резервтің мектеп-интернаттарының барлық жаттықтырушы-оқытушысы қамтылды.
Айта кетейік, 2023 жылдың аяғына қарай жалақыны биылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 2 есе көтеру жоспарланып отыр.